Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Полицияда тәртіп жоқ па?! Атыраудағы департамент дәлізінде ер адам принтермен серуендеп жүр

    Полицияда тәртіп жоқ па?! Атыраудағы департамент дәлізінде ер адам принтермен серуендеп жүр
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Атырау облыстық полиция департаментінде түсірілген бейне қоғамда үлкен шу тудырды. Кадрда белгісіз ер адам қолына принтер ұстап, департаменттің дәлізімен емін-еркін жүргені анық көрінеді. Ешкім тоқтатпайды, ешқандай тексеріс те жоқ — бейнежазба жұрттың ашуын келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл — жай ғана техниканы алып бара жатқан қызметкер ме, әлде ішкі бақылау жүйесінің істен шыққанын көрсететін көрініс пе? Қалай болғанда да, мұндай бейқамдық — мемлекеттік орган үшін үлкен абыройсыздық.

    Қазір қоғамда бір ғана сұрақ туындап отыр: полиция өз ғимаратының ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ете алмаса, онда қарапайым халықтың қауіпсіздігіне кім жауап береді?

    Күн сайын жиналыстарда айтылатын «тәртіп», «жауапкершілік», «қатаң бақылау» қайда қалды?
    Заңның үлгісі болуы тиіс органның өз ішінде бейберекет пен салғырттық орнағаны бейне арқылы айқын көрініп отыр.

    Қоғам басшылықтан ресми түсініктеме күтеді:
    — бұл не жағдай?
    — мұндайға кім жол берді?
    — бейнежазбадағы адам кім және ол қалайша еркін жүр?

    Полиция халықтың сенімін жоғалтпау үшін бұл оқиғаға нақты жауап беруге тиіс. Әйтпесе, «тәртіп сақшыларының өзінде тәртіп жоқ» деген пікір бекіп барады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →