Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 4 тамызда солтүстік-батыс циклоннан найзағайлы жаңбыр күтіледі Шұғыл ескерту: бүгін бес өңірінде аптап ыстық болады Алматыда әлеуметтік желіге видео салған мотоциклист 10 тәулікке қамалды Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды Қазақстанда 4 тамызда солтүстік-батыс циклоннан найзағайлы жаңбыр күтіледі Шұғыл ескерту: бүгін бес өңірінде аптап ыстық болады Алматыда әлеуметтік желіге видео салған мотоциклист 10 тәулікке қамалды Оралда бетперде киген ер адам азық-түлік дүкеніне пышақпен шабуыл жасады 5 тамызда Достық үйінде медиация күніне арналған ашық есік күні өтеді Алтынай Жорабаеваның келіні ұзатылған қызға дүние апарып, сынға қалды

    Қар, жаңбыр, аяз: 10 қазанда ауа райы қандай болады

    Қар, жаңбыр, аяз: 10 қазанда ауа райы қандай болады
    Фото: pixabay.com

    Жұма күні ауа райы елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады.

    Cиноптиктер 10 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжамды жариялады.

    Кейбір өңірде аяз бен жауын-шашын болуы мүмкін. Синоптиктер кейбір аймақтарда аяз болады деп күтіп отыр.

    Мәселен, Жетісу облысында – -1…-6°С дейін, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1…-3°С, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және таулы аудандарында – -1…-3°С дейін суытады.

     

    «Қазақстан аумағында жоғары қысым өрісінің әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жел күшейеді, ал батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман күтіледі», – делінген болжамда.

     

    Сонымен қатар еліміздің бірқатар аймақтарында өрт қаупі жоғары және аса жоғары өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарының кей өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталды.

    Аса жоғары өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ұлытау және Қостанай облыстарының жекелеген аймақтарында сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →