Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Шавкат Рахмоновқа қатысты жайсыз ақпар шықты

    Шавкат Рахмоновқа қатысты жайсыз ақпар шықты
    Фото: Chris Unger, Getty Images

    UFC сарапшысы әрі бұрынғы октагон жұлдызы Джош Томсон қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың (19-0) мансабына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жеңіліссіз рекордқа ие спортшының ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке шықпауы болашағына кері әсер етуі ықтимал, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    «Шавкат әзірге белгілі бір деңгейде қалып қойғандай көрінеді. Бұған психологиялық фактор әсер ете ме, әлде рейтингтегі орны ма – оны дөп басып айту қиын. Себебі ол әлі үздік бестікке кіретін қарсыластармен айқасқан жоқ. Бірақ бір нәрсе анық: ұзақ үзіліс оның қарқынын бәсеңдетіп, келесі қарсыластарына қарсы қиындық туғызуы мүмкін. Өйткені енді оған тек ең мықты спортшылар қарсы шығады», – деді Томсон EssentiallySports басылымына берген сұхбатында.

    Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шықты. Ол кезде қазақстандық файтер Белал Мухаммедпен титулдық айқас өткізуге тиіс еді. Алайда қарсыласы денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмады.

    Оның орнына ирландиялық Иэн Гэрри шыққан болатын. Бұл кездесуде Рахмонов алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын емес, төрешілер шешімімен жеңді. Соған қарамастан, ол өз рекордын сақтап, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →