Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? •

    «Жуалы жұрты жақсы таниды»: Шерхан Мұртазаның Шерхан Қалмұрзаға қандай жақындығы бар?

    «Жуалы жұрты жақсы таниды»: Шерхан Мұртазаның Шерхан Қалмұрзаға қандай жақындығы бар?

    Фото: коллаж Todayinfo.kz

    Белгілі журналист Оралхан Дәуіт әлеуметтік желідегі парақшада Шерхан Қалмұрза мен Шерхан Мұртазаның қандай қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Елге, жерге бөлінгендік емес. Бірақ әлеуметтік желілерде Шерхан Қалмұрзаның әкесі туралы неге айтылмайды деп жатыр екен. 

    Кеше бір үлкен кісіден естідім, Шерхан Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тумасы екен. Әкесі Эльдар жастайынан бокспен айналысқан, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған көрінеді. Оны жуалылықтар жақсы таниды екен. Бүгінде Астанада тұрады. Бірақ енді өмір ғой, Шерханның әке-шешесі екі жаққа кеткен сияқты. 

    Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы — Шерағаңның туған жері.

    Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →