Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана тұрғыны концерт үшін сотталды • Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 2 адам көз жұмды • «Біреуге күлкілі болар»: Итінен айырылған Ердос Қанаев жылап қалды • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Астана тұрғыны концерт үшін сотталды • Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 2 адам көз жұмды • «Біреуге күлкілі болар»: Итінен айырылған Ердос Қанаев жылап қалды • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  •

    Әлемнің үздік футболшысы Қазақстан құрамасынан бас тартты

    Әлемнің үздік футболшысы Қазақстан құрамасынан бас тартты

    Фото: fourfourtwo.com

    Футболдан 2006 жылғы әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро Қазақстан құрамасының бас бапкері болудан бас тартты.

    Толығырақ

    52 жастағы италиялық маман соңғы аптада Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларына ұсыныс алғанымен, екеуіне де келісімін бермеді. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» басылымына бапкерге жақын дереккөз мәлімдеген.

    Каннавароның өзі маусым барысында Серия А клубтарының бірін басқаруды көздейді. Әсіресе Италия чемпионатында бір клуб бапкерсіз қалса, сол орынға шақыртылуды күтіп отыр.

    Сондай-ақ ол Мәскеудің ЦСКА клубымен де келіссөз жүргізген. Алайда ресейліктер оған тек алдын ала келісімшарт ұсынған, нақты келісімге қол жеткізілмеген.

    Контекст

    8 қыркүйекте Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгияға 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Осы ойыннан кейін бас бапкер Али Алиев өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген.

    Бұған дейін Қазақстан футболында үлкен қызығушылық тудырған басты оқиға – Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчы. 30 қыркүйекке жоспарланған ойынды асыға күткен жанкүйерлер билеттердің тапшылығына наразылық білдіруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →