Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты •

    Павлодарда мектептерге террористер «шабуыл» жасады

    [ad_1]

    Павлодарда барлық мектепте терроризмге қарсы жаттығу өтті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

    18 мамырда Павлодар облысының білім басқармасы полиция департаментімен және төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, терроризмге қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырды. Оған облыстың барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептің оқушылары, педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері – жалпы 100 мыңнан аса оқушы мен педагог қатысты.

    Оқу-жаттығу аясында бекітілген алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттер) сәйкес мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарының қызметкерлеріне нұсқама беру, алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, техникалық құралдардың (дабыл батырмасы, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл батырмасы арқылы шақырылғанда олардың жедел әрекет етуі пысықталды.

    Мысалы, қаладағы №26 мектепте оқу-жаттығу барысында білім беру объектісін террористердің басып алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

    Сценарий бойынша сағат 10:03-те қарулы террористер мектепті басып алады. Білім ордасындағы күзетші дабыл батырмасы мен ескерту сигналын бірден басты. Мектеп директоры күдікті адам туралы полицияға хабарлады. Шабуыл туралы шартты сигналды естігеннен кейін мұғалімдер, қызметкерлер, оқушылар сыныптарда қалып, құқық қорғау органдары мен арнайы құрылымдар келгенге дейін қолға түспеу үшін есіктерді жауып алды, – деп жазылған хабарламада.

    «Сократ-Павлодар» күзет қызметінің мамандары сағат 10:17-де мектепке келсе, 1 минуттан кейін полицейлер, ал арнайы күштер 25 минуттан кейін оқиға орнында болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →