Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін Петропавлдағы құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Шымкентте 8 жасар қызға қатысты іс қайта қаралып, сот үкімі өзгертілді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Windows жүйесіндегі қуат үнемдеу режимдері компьютер жылдамдығын төмендетуі мүмкін Петропавлдағы құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды Шымкентте 8 жасар қызға қатысты іс қайта қаралып, сот үкімі өзгертілді

    Түркияда тағы жер сілкінісі болды

    Түркияда тағы жер сілкінісі болды

    Фото: Pixabay

    Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

    Түркияның төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару департаментінің (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері түнгі сағат 00:05-те Сындыргы ауданында тіркелген. CNN Turk жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болғанын және ол Ыстанбұл мен Измир қалаларында сезілгенін хабарлады.

    Кандилли обсерваториясы мен AFAD жер сілкінісінің магнитудасын растады. Сындыргы қаласының мэрі Серкан Сак тұрғындарды абай болуға шақырды.

    AFAD дерегінше, табиғи апаттан айтарлықтай зиян келгені анықталмаған. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →