Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті «Жол емес, сынақ алаңы»: СҚО-да ауыл арасындағы жолдың сиқы жұртты ашындырды Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті «Жол емес, сынақ алаңы»: СҚО-да ауыл арасындағы жолдың сиқы жұртты ашындырды Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген

    Күзде бензин қымбаттаса, ол қолдан жасалған әрекет болады — Ерболат Саурықов (ВИДЕО)

    Күзде бензин қымбаттаса, ол қолдан жасалған әрекет болады — Ерболат Саурықов (ВИДЕО)

    Фото: Pixabay

    Күзде бензин бағасы өседі деген болжамға Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов қарсы шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Оның айтуынша, мұндай баға өсіміне ешқандай объективті себеп жоқ.

    «Қазақстанда мұнай қоры жеткілікті, зауыттар жұмыс істеп тұр. Сондықтан бензин бағасының көтерілуін ешбір экономикалық негізбен түсіндіру мүмкін емес. Егер күзде баға қымбаттаса, ол қолдан жасалған әрекет болады», – деді депутат.

    Бұл мәлімдеме қоғамда қызу пікірталас туғызды. Әр күз сайын жанармай бағасының көтерілуіне үйреніп қалған жүргізушілер билік өкілдерінің уәжіне сенімсіздікпен қарайды.

    «Жылда осылай айтады, бірақ нәтиже керісінше болады» деген пікірлер әлеуметтік желілерде қарша борады. Сарапшылар да мәселенің түп-төркіні тек өндірісте емес, нарықты бақылауда отырғандарда екенін айтып отыр. «Бағаны ұстап тұру үшін ашықтық қажет. Монополиялық ойын тоқтамай, халыққа әділетті баға болмайды», – дейді олар.

    Енді жұрттың бар үміті — депутаттың айтқаны іске асып, күзде бензин бағасы шын мәнінде тұрақты қалуы. Әйтпесе, халық тағы да қалтасынан қағылады.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Qazaq.Today ақпарат агенттігі (@qazaqtoday_)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →