Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті Ақтауда NIS оқушылары мұғалімнің мас күйде келгенін видеоға түсіріп алған (ВИДЕО) Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгеден асты «Түк дауысы жоқ»: Қайрат Нұртаспен бірге ән айтқан блогер Сабина сынға қалды (ВИДЕО) Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды Яковлев пен Чернухин Азия ойындарында академиялық есуден Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды Алматыда ер адам айып тұрағынан көлігін рұқсатсыз алып кетті

    18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының тарихына енді

    18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының тарихына енді
    Фото: Қайрат ФК

    18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы турында «Спортингке» қарсы ойында пенальти қайтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жас голкипер турнир тарихына 11 метрлікті тойтарған екінші ең жас қақпашы ретінде енді. Қалмұрза бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде қол жеткізді. Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек 2017 жылы «Бенфика» сапында 18 жас 65 күнінде Миле Свилар көрсеткен болатын. Қазір ол Римнің «Ромасында» ойнайды. Лиссабонда өткен кездесу алаң иелерінің 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

    Айта кетейік, алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы алғашқы ойында жарақат алған еді. Ал іріктеу кезеңінің басты қаһарманы, жауапты ойында «Селтикке» қарсы серияда үш пенальти қайтара білген Темірлан Анарбеков 14 қыркүйекте өткен ҚПЛ-2025 турындағы «Ақтөбеге» қарсы кездесуде жақ сүйегін сындырып алған.

    «Қайрат» келесі кездесуін 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында «Реал Мадридке» қарсы өткізеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →