Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді

    Астанадағы биік ағаштарды кесіп, BI Group тағы да құрылысқа кіріскен: тұрғындар ашуға булықты

    Астанадағы биік ағаштарды кесіп, BI Group тағы да құрылысқа кіріскен: тұрғындар ашуға булықты

    Фото: kursiv.media

    Астанадағы тұрғындар тағы да дабыл қақты. Терезе алдында тұрған ағаштар мен шыршаларды бір күнде кесіп тастап, BI Group шағын аумақта жаңа үй тұрғызбақ. Жасыл желекке қарап қуанып жүрген жұрт ертеңіне қураған орынды ғана көріп, ашуланды.

    «Балаға ойнайтын алаң, серуендейтін саябақ керек еді. Оның орнына тағы да бетон қалап жатыр. Бұл компанияға адамдардың тынысы емес, тек ақша маңызды сияқты» – деп ашуланды тұрғындар.

    Қазірдің өзінде Кунаев пен Сарайшық көшелері кептелістен көз ашпайды. Жаңа тұрғындар көшіп келсе, жағдай тіпті ушығатыны анық. Инженерлік желілердің де шамасы жетпей тұр: жаңбыр жауса, көшеде жағымсыз иіс жайылып, канализация көтере алмай қалады.

    Ал BI Group уәде еткен әлеуметтік нысандар қайда? Фитнес-зал, балалар алаңы, жасыл аймақ туралы әдемі сөйлеген, бірақ іс жүзінде жұрт тағы екі жыл бойы терезенің астында ауыр техниканың дүрсілін тыңдамақ. «Үйлерімізге жарықшақ түссе, кім жауап береді?» – деп алаңдайды тұрғындар.

    Әлеуметтік желіде пікір жазғандардың көбі ашулы. Бірі «қала демалатын жерден айырылды» десе, енді бірі «билік тұрғындардың үнін естімей отыр» деп қынжылады. Астанада қазір демалатын саябақтан гөрі, бетон қабырғасы көп болып барады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →