Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты

    Qazaq Oil Петропавлда халықты алдады: жанармай құйғанда литр жетпей шықты

    Qazaq Oil Петропавлда халықты алдады: жанармай құйғанда литр жетпей шықты

    Фото: qazaqoil.kz

    Петропавлда Qazaq Oil жанармай бекеті тұтынушыларға толық көлемде бензин құймағаны анықталды. Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті қала тұрғынының шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізген.

    Өлшеу құралымен жасалған бақылау нәтижесінде айтарлықтай заңбұзушылық тіркелді: норма бойынша 20 литр жанармайда ±80 мл ауытқу рұқсат етілсе, Qazaq Oil колонкаларынан –120 мл және –140 мл кем шығуы анықталды. Бұл талапқа сай келмейді.

    Тексеру қорытындысы бойынша компанияға 179 600 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жабдықты қайта реттеу және қайтадан тексеруден өткізу тапсырылды.

    Министрлік мұндай әрекет заңмен қатаң жазаланатынын еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →