Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды Таразда мектептегі төбелестен кейін жасөспірім көзінен айырылды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды

    Танымал футболшы алаңда көз жұмды

    Танымал футболшы алаңда көз жұмды

    Фото: Pixabay

    Сербия құрамасының бұрынғы футболшысы Деян Милованович ардагерлер матчында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Спортшыға «инфаркт» диагнозы қойылды.

    41 жастағы Деян Милованович «Црвена Звезда» ардагерлер құрамында алаңға шыққан. Футболшы гол соққаннан кейін бірнеше минут өткен соң есінен танып қалады. Жедел жеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

    Милованович серб футболының тарихында өз ізін қалдырған футболшы. «Црвена Звезда» сапында екі кезеңде жалпы 321 матч өткізіп, 40 гол соқты. Ол үш мәрте Сербия чемпионы атанып, төрт рет ұлттық кубокты жеңіп алған.

    «Црвена Звезда» футбол клубы әлеуметтік желідегі Х парақшасында спортшының отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айту жазбасын жариялады.

    «Әйгілі футболшының жүрегі алаңда тоқтап қалғаны мәңгі есте қалады. Ол қызыл-ақ жейдеде екі кезеңде барлығы 321 матч өткізіп, 40 гол соқты. Үш чемпиондық атақ пен төрт ұлттық кубокты жеңіп алды. Деки, әрбір соққың үшін, әрбір голың үшін, әрбір атақ үшін саған алғыс айтамыз», – делінген жазбада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →