Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды Жиіркенішті: Тұрсынбек Қабатовтың тойда жүрген тоқалы жұртқа жақпай қалды Алматыда 27 жастағы әйел бірден үш ұлды дүниеге әкелді Айдана Меденова мен Бағым Мұхитдинова қауесетке қатысты түсініктеме берді Семейде автожуу орнында өрт шығып, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге таралды Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

    «Ұрып-соғып, еңбекке жарамсыз етті»: Алматылық әйел күйеуінен зәбір көргенін айтты

    «Ұрып-соғып, еңбекке жарамсыз етті»: Алматылық әйел күйеуінен зәбір көргенін айтты

    Фото: видеодан скрин

    Алматылық Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің өзіне балалардың көзінше қатыгездікпен қол көтергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жәбірленуші Дильбар Тимурованың айтуынша, арадан үш апта өтсе де, құқық қорғау органдары ешқандай әрекет жасамаған. Сондықтан ол президенттен көмек сұрауға мәжбүр болғанын жеткізді.

    «Мен шарасыз жағдайға тап болып, құқық қорғау органдары әрекет етпегендіктен президенттен көмек сұрауға мәжбұрмін. 28 тамыз күні мені үш жыл бұрын ажырасып кеткен, экс-күйеуім Нурадин Асанұлы ұрып-соғып, еңбекке жарамсыз етті. Ортамызда екі кәмелетке толмаған бала бар. Арада үш апта өтсе де, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шара қолданылмады. Маған жақ сүйегімді қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалды, ауруханада жаттым. Егер бұрынғы күйеуіме қандай да бір шара қолданылғанда, бұлай көмек сұрап отырмас едім», – дейді жәбірленуші.

    Оның айтуынша, экс-жолдасы ауқатты отбасынан шыққандықтан істі жауып тастауы мүмкін.

    «Менің екі кішкентай балам бар. Қашан әрекет етесіздер? Менің өлуім керек пе? Еліміздің Конституциясының кепілі ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізден көмек сұраймын! Бұрынғы күйеуім Тимуров Нурадин Асанұлын заң аясында барынша қатаң жазалауыңызды өтінемін», – деді жәбірленуші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →