Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) •

    «Жанымды шүберекке түйіп аламын»: Танымал продюсер жан сырын ақтарды

    «Жанымды шүберекке түйіп аламын»: Танымал продюсер жан сырын ақтарды
    Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova

    Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова оқырмандарына ішіндегісін ақтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сөзінше, продюсер әр фильмі шығар алдында қатты қобалжиды.

    «Қорқа-қорқа батыр болатын» кез келді ғой. Бірақ әлі батыр бола алмай келе жатырмын. Әр фильмнің алдында жанымды шүберекке түйіп аламын. Үміт пен күдік итжығыс түседі де тұрады… Кешегі бокстағыдай кейбір сезімдерді «нокаутқа» жібере алсаң ғой, шіркін. Төрехан сияқты сындыра салатын қауқар жоқ, жастықтың өзі ғажап қой. Есейген сайын бәрі күрделі бола беретінін білесіздер ме?… Кейде жылағым келеді. Бірақ өзіме әлсіз болуға рұқсат бере алмаймын. Ол бір психологиялық блок емес. Өзім сондаймын, жұртқа жарқын жүзімді ғана көрсеткім келеді. Арасында мұңаятыным бар, айыпқа бұйырмаңыздар», — деп жазды Мамасарипова.

    Айта кетейік, танымал телесериал «Келінжанның» жаңа маусымы көрермендеріне жол тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →