Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты

    «4 бала жетім қалды»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

    «4 бала жетім қалды»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

    Түркістан облысында қызғанышқа берілген ер азамат он төрт жыл отасқан жұбайын балғамен ұрып өлтірген. Қанды қылмыстан кейін ол өзіне қол салған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Қайғылы жағдайды таңертең мектепке жиналған 13 жастағы қыз байқап қалған. Ол аулада қанға боялған анасын көріп айғай салғанда, көршілері жетіп келген. Бір сәтте төрт бала жетім қалды. Балалар қазір балалар үйіне тапсырылған.

    Марқұм әйелдің ағасы Мырзакерім Мырқадиевтің айтуынша, келіншектің басы мен бетінде сау жер қалмаған. «Басынан балғамен ұрып, шаштарын жұлып тастаған. Бетін тану мүмкін болмады», – дейді ол.

    Әпкесі Мухаббат Мырқадиева да марқұмның денесін жуған сәттегі қорқынышты көріністі жеткізді: «Шаштары қанмен қатып қалған, бетін танымай қалдық. Денесінде жарақаттан аман жер болмады», – дейді ол.

    Оқиға түнгі бір шамасында болған. Таңғы уақытта тұңғышы әкесін іздегенде оның телефоны дәретханадан шығып жатқанын естиді. Сол жерден әкесінің асылып тұрған денесін табады. Ер адам соңғы сөзін диктофонға жазып қалдырған. Онда ол қызғаныштан осындай қадамға барғанын айтқан.

    Туыстарының пікірінше, күйеуінің айтқан сөзі еш дәлелсіз, қауесетке негізделген.

    Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

    «Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жұбайына дене жарақатын салып, оның өліміне себеп болған. Кейін ол өзін-өзі өлтірген», – делінген ресми ақпаратта.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →