Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қылмыстық іске ауысуы ықтимал

    Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қылмыстық іске ауысуы ықтимал

    Фото: @elt6i / Instagram

    Онда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі сөз алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп.

    Комитет өкілінің сөзінше, Төлегеноваға қатысты ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау керек.

    «Блогердің әрекеттерінде қылмыстық сипаттағы белгілер бар», – деп қысқа қайырды комитет өкілі Әбдел Балтатегі.

    Осылайша, ол Эльмира Төлегенованың әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша құқықбұзушылық белгілері байқалатынын жасырмады.

    Іс бойынша нақты шешім кейін шығады.

    Айта кетейік, осыған дейін Эльмира Төлегенова мен оның жұбайы блогер Ерболат Жанәбілов «заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырды» деген күдікпен әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →