Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Түркістанда мектеп оқушысы жолдан жүгіріп өтемін деп көлік астына түсті

    Түркістанда мектеп оқушысы жолдан жүгіріп өтемін деп көлік астына түсті
    Фото: istockphoto.com

    Түркістанда жасөспірім жолды белгіленбеген жерден жүгіріп өтемін деп көлік астына түсті. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр. Бұл туралы Qazaq.today агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға бейнежазбаға түсіп қалды

    Әлеуметтік желілерде оқиға сәті жарияланды. Онда жасөспірімнің жолдан жүгіріп өтпек болғаны көрінеді. Көліктердің бірі тоқтап, оны өткізіп жібермек болғанымен, артынан келе жатқан екінші көлік жоғары жылдамдықпен соғып өткен.

    Жол-көлік оқиғасы Түркістан қаласындағы Қожанов көшесінде болған. Аталған жол бөлігінде жаяу жүргінші өткелі де, оны білдіретін белгілер де жоқ.

    Дәрігерлер не дейді?

    Оқиға орнына жедел жәрдем жетіп, зардап шеккен баланы көптеген жарақаттарымен ауруханаға жеткізді.

    «Бала ауыр жағдайда түсті. Жағдайдың ауырлығы алған жарақаттарына байланысты. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, оң өзгерістер байқалады. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Полиция тергеу жүргізуде

    Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда барынша мұқият болып, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →