Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1,4 млрд теңге бөлінді: Бурабай мен Щучинскіде су жүйелері қайтарылған активтер есебінен жаңартылмақ «Шал тілінен тапты»: Роза Әлқожа өзін кінәлағандарға жауап берді Алматыда полиция ардагерінің өлімі: күдіктінің туыстары алғаш рет сөйледі АҚШ президенті туғаннан азаматтық құқығын шектеуге бағытталған жаңа жарлықтарға қол қойды Еңбек кодексіндегі киберқауіпсіздік талаптары: жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндеттері Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды 1,4 млрд теңге бөлінді: Бурабай мен Щучинскіде су жүйелері қайтарылған активтер есебінен жаңартылмақ «Шал тілінен тапты»: Роза Әлқожа өзін кінәлағандарға жауап берді Алматыда полиция ардагерінің өлімі: күдіктінің туыстары алғаш рет сөйледі АҚШ президенті туғаннан азаматтық құқығын шектеуге бағытталған жаңа жарлықтарға қол қойды Еңбек кодексіндегі киберқауіпсіздік талаптары: жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндеттері Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды

    Damu Bala арқылы 23 млн теңгені жымқырған мектеп директоры жазаланды

    Damu Bala арқылы 23 млн теңгені жымқырған мектеп директоры жазаланды

    Фото: Pixabay

    ҚР ҚМА Абай облысы бойынша департаменті балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Тергеу барысында анықталғандай, «SAMGAU өнер& спорт мектебі» ЖШС директоры шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдалана отырып, балалардың сабаққа қатысуы жөнінде жалған мәліметтер ұсынған.

    – Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтері бар ай сайын тапсырылатын есептер негізінде уәкілетті орган тарапынан жұмыс істемейтін үйірмелерге мемлекеттік қаржы бөлініп отырған. Есеп құжаттарында көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бұл бағдарламаға «қатысушы» ретінде тіркелгенінен мүлдем бейхабар болған.

    Мәселен, бір бала Алматы облысында тұратынына және ешбір үйірмеге қатыспайтынына қарамастан, Абай облысында бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде тіркелген, – делінген ҚМА хабарламасында.

    Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →