Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    «Дайындықсыз келеді»: Депутат Бақытжан Базарбек министрлерді сынады

    «Дайындықсыз келеді»: Депутат Бақытжан Базарбек министрлерді сынады

    Фото: mazhilis.parlam.kz

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отырыс барысында министрлердің дайындықсыз келетінін қатты сынға алды. Оның сөзінше, халық қалаулылары қойған нақты сұрақтарға министрлер толыққанды жауап бере алмай отыр деп сынады. Бұл турады Qazaq Today ақпарат порталы жазады.

    Базарбек бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға қойған сауалынан кейін көтерді. Депутат Қатарда еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың жағдайын сұрады. Ресми мәлімет бойынша, бүгінде бұл елде 1 500-ге жуық қазақстандық тұрады, оның ішінде 800-ден астамы еңбек етуде. Негізгі жұмыс орындары – мұнай-газ саласы мен қызмет көрсету секторы. Ерлердің үлесі – 60 пайыз, қалғаны – әйелдер.

    Депутаттар екі ел арасындағы келісімді талқылап, қазақстандық жұмысшылардың құқығы қорғалатынын айтқанымен, Базарбек Қатардағы еңбек заңнамасы әлсіз екенін алға тартты. Оның айтуынша, қазақстандық азаматтар еңбек құқығы бойынша түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Осыған байланысты министр Жақыповадан нақты жауап сұралды, алайда ол мардымды түсініктеме бере алмады.

    Бақытжан Базарбек министрлердің дайындықсыз келуі халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кедергі екенін ескертіп, олардың Мәжіліс отырыстарына мұқият дайындалуын талап етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →