Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    «Анам мүгедек, көзі көрмейді»: «Қара маскадағы жігіт» қатерлі ісікпен ауыратын қызға қаражат беріп, үй сыйлады (ВИДЕО)

    «Анам мүгедек, көзі көрмейді»: «Қара маскадағы жігіт» қатерлі ісікпен ауыратын қызға қаражат беріп, үй сыйлады (ВИДЕО)
    Фото: коллаж Sn.kz

    Қайырымдылықты насихаттап жүрген «Маскадағы жігіт» тағы да игі ісімен елді сүйсіндірді. Бұл жолы ол 20 жастағы Гүлжанға қолдау көрсетіп, жаңа баспана сыйлады.

    20 жастағы Гүлжан қатерлі ісіктің 3-ші сатысымен күресіп келеді. Оның анасы – І топтағы мүгедек, көзі көрмейді, ал нағашысы да арбаға таңылған. Әкесі ол дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.

    «Қолым жансызданып қалды. Үндістанға барып ем алғым келеді. Әкем жоқ. Анам бірінші топтағы мүгедек. Оның інісі де арбаға таңылған, естімейді. Бізде үй болмады. 5 жасымнан бастап жұмыс істеп келемін. Күнде дұға жасап, әрекет етіп жүрмін. Бірінші отадан соң маған осындай диагноз қойылды. Дәрігерлер химия терапиясын ұсынды, бірақ оны анама айтпадым. Өйткені, менсіз ол кісілерге қарайтын жан қалмайды деп қорықтым», – дейді Гүлжан көзіне жас алып.

    Оның жан тебірентер әңгімесі желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. «Маскадағы жігіт» Гүлжанға қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, қалаған кәсібін ашуға демеу болатынын айтты. Сонымен қатар, Гүлжан мен анасына жаңа баспана сыйлап, үлкен қуаныш сыйлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →