Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    «Алданып қалмаңыздар»: Тоқтар Серіков сақ болуға шақырды

    «Алданып қалмаңыздар»: Тоқтар Серіков сақ болуға шақырды
    Фото: «Хабар» арнасы

    Әнші Тоқтар Серіков қазақстандықтарды алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға үндеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желі қолданушыларының айтуынша, ол бұл ескертуін біраз уақыт бұрын Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен концерті барысында айтқан. Әншінің үндеуін кейін облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жариялады.

    «Қазіргі кезде алаяқтардың көбейгені бәрімізді алаңдатып отыр. Сол себепті ағайын, ешкімге алданып қалмаңыздар. Әсіресе түрлі мемлекеттік мекемелердің атынан хабарласып, құжаттарыңызды немесе банк картаңыздың нөмірін сұрайтындар көбейді. Мұндай жағдайда сеніп қалмай, алдымен ақпараттың дұрыстығын тексеріп, жергілікті органдарға хабарласыңыздар. Баршаңызды сақтыққа шақырамын», – деді Тоқтар Серіков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →