Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр •

    «Көргенсіздер қаншама?!»: Димаштың анасы оқырмандарына үндеу жасады

    «Көргенсіздер қаншама?!»: Димаштың анасы оқырмандарына үндеу жасады
    Фото: instagram.com/sveta_aitbaeva73

    Танымал әнші Света Айтбаева президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан қоғамдық орындарда айқай-шу шығаратын әйелдерге қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысы көпшілік алдында жанжал шығару қалыпты құбылысқа айналып бара жатқанына алаңдайтынын жеткізді.

    “Мәдениет пен әдеп, тәлім мен тәрбие әрбір азаматтың отбасынан басталуы керек. Қанша қайталап айтсақ та артық болмайтын тақырып. Президент мәдениет пен әдепті тектен текке қосақтап айтқан жоқ. Мәдениеттің ең бірінші белгісі –әдеп. Өкінішке қарай, “әдеп»деген әдемі ұғымның мәнін түсінбей, әдептілік деген қасиеттен ажырап бара жатырмыз. Президент жол бойындағы, көшедегі, қоғамдық орындардағы дарақылық, тәртіпсіздік туралы айтып өтті.  Расында да өте оғаш көрінетін жайттар. Ал, әлеуметтік желілердегі «ұят, әдеп» дегендерді ұмытып, неше түрлі балағат сөздер айтып, көргенсіздік көрсетіп отырғандар қаншама?! Солардың ішінде, жасыратыны жоқ, басым көпшілігі – әйелдер. Президент Жолдауының осы бір жерін өз басым, төмен қарап отырып тыңдадым. Түсіне білген жанға сүйектен өтер сөз айтылды. «Әйелді әдепсіздік құртады» деген екен академик Сергей Капица. Ұлт ертеңі, ұрпақ болашағы мықты болу үшін ең алдымен әйел-ана арлы, әдепті, білікті, білімді болуы керек. Сонда ғана тәрбие қонып, ұрпақ ұлағатты, отбасы мықты болмақ. Озық ойлы ел боламын десек, ең бірінші өзіміз дұрыс болайық”, – деп жазды Света Айтбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →