Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры •

    Екі некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды: тастап кеткен әйелі кісі қолынан қаза тапқан актер мұңын шақты

    Екі некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды: тастап кеткен әйелі кісі қолынан қаза тапқан актер мұңын шақты

    Фото: видеодан скриншот

    Белгілі актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өмірдегі ең үлкен өкінішінің бірін бөлісті. Ол бірінші некеден туған балалары мен екінші некеден туған балаларының өзара араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Бір өкінішім, бірінші некеден туған балаларым мен екінші некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласады. Балалықтан туған эгоизм бар шығар, қызғаныш та болады. Араласпай-ақ қояйықшы дейді. Оған уақыт керек, уақыт емші», – деді актер.

    Рахман Омар асаба ретінде талай отбасылардың қайта табысқанына куә болғанын жеткізді. Оның айтуынша, уақыт өткен сайын балалардың арасындағы кикілжің басылып, жақын араласатын күн де туар деген сенімі бар.

    «Біз сияқты араласпай жүріп, кейін қайта табысқан талай отбасыны білемін. Сондықтан үмітімді үзбеймін», – дейді ол.

    Актердің айтуынша, тұңғыш ұлы жуырда үйленіп, өз шаңырағын көтерген. Қазір ол 28 жаста Еске салайық, кезінде телеарналарда түрлі бағдарламаларды жүргізіп, танымал болған актер қиын кезінде өзіне қолдау көрсеткен алғашқы әйелін тастап, ажырасқан еді. Алғашқы жары кейін пәтерақысын даулаймын деп жүріп, кісі қолынан қаза тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →