Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті

    Қазақстандағы алғашқы жаза: әйелімен ерегесіп қалған күйеу қара жұмысқа жегілді

    Қазақстандағы алғашқы жаза: әйелімен ерегесіп қалған күйеу қара жұмысқа жегілді

    Орал қаласында отбасында шу шығарып, бала-шағасын зарлатқан әке қоғамдық жұмыстарға жегілді. Бұл – Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырған жаңа жаза түрі. Бұған дейін мұндай құқықбұзушылықтар үшін тек әкімшілік қамау шарасы қарастырылған еді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Батыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Орал тұрғыны мас күйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, қорқытқан. Бұл әрекет отбасылық тыныштықты бұзу және сыйламаушылық ретінде бағаланған.

    Сотта жеңілдететін мән-жайлар ескерілді: ерлі-зайыптылардың татуласқаны және тараптардың қоғамдық жұмыс жазасына өз еркімен келісуі. Нәтижесінде ер адамға 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды.

    1 қыркүйектен бастап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұған дейін «отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер» (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы) үшін тек әкімшілік қамау қарастырылған болатын. Енді соттың балама құқығы бар – қоғамдық жұмыстарға тарту.

    Қыркүйекте БҚО соты алғаш рет осы норманы қолданып, құқықбұзушыға 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын бекітті. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін атқарылатын болады. Осылайша, Орал жаңа заң нормасы іс жүзінде алғаш қолданылған қалаға айналды.

    Фото: kazgazeta.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →