Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті

    Бурабайда суицид жасаған жас жігітті полицейлер орманда қансырап жатқан жерінен тапты

    Бурабайда суицид жасаған жас жігітті полицейлер орманда қансырап жатқан жерінен тапты

    Фото: borovoe

    Полицияға Бурабай ауданы Кенесары ауылы маңында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабар түсті. Белгісіз адам «102» нөміріне қоңырау шалып, ауыл сыртындағы биік жерде бір азаматтың өмірмен қоштасқысы келетінін жеткізген, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ақпарат бірден Ақмола облыстық ПД патрульдік полициясына жолданып, аға лейтенант Ермек Самарханов пен Нұрдәулет Оралбайұлы дереу оқиға орнына аттанды.

    Полиция өтініш берушімен байланыс орнатып, ер адамның орналасқан жерін нақтылады. Сигналдан кейін небары 20 минут ішінде тәртіп сақшылары оны «Астана – Петропавл» автожолының 275-шақырымында, трассадан 500 метр қашықтықтан тапты.

    Зардап шегуші ауыр жағдайда болған: қатты қан кеткен. Полицейлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарасын таңып, жедел түрде қызметтік көлікке отырғызды.

    Сонымен қатар, полиция көлігі жедел жәрдемді Щучинск қаласына дейін жолсерік ретінде ертіп барды. Бұл шешім тығыз жол трафигінде көліктің үздіксіз және жылдам қозғалуына мүмкіндік берді.

    Дәрігерлер мен полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жас жігіт жеке қарым-қатынасқа байланысты күйзелістен осындай әрекетке барған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →