Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма?

    «Меркі ауруханасына барсаң, тірі шықпайсың: қан алмақ болған дәрігерлер баланың қолын сындырып жіберген

    «Меркі ауруханасына барсаң, тірі шықпайсың: қан алмақ болған дәрігерлер баланың қолын сындырып жіберген

    Коллаж: qazaq.today

    Жамбыл облысының Меркі аудандық ауруханасында үлкен дау шықты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, медбикелер қан алу барысында сәбидің қолын сындырып жіберген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Анасының айтуынша, бала 4 тамызда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Бір апта бойы түрлі анализдер алып, дәрі тамызғанымен, жағдайы жақсармаған. Ал 11 тамыз күні сағат 16:00 шамасында екі медбике қан алу кезінде баланың қолын қатты қысып, нәтижесінде сүйегі шытынаған.

    «Дені сау баланы ауру қылды. Алғашқыда өте көңілді, ойнақы болып келген ұлым қазір күле алмайды, ойыннан қалған», – дейді баланың анасы.

    Бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде үлкен резонанс туды. Пікір қалдырғандардың көбі меркілік дәрігерлерді кәсіби біліктілігі төмен, науқастарға жауапсыз қарайды деп сынға алды.

    «Не деген сауатсыздық! Шаш ал десе, бас алатын мамандар!», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
    «Меркі ауруханасына барсаң, тірі шықпайсың. Өміріңнен түңілгің келсе ғана бар», – дейді тағы бірі.

    Алайда кейбір комментаторлар бұл ақпараттың асыра айтылғанын алға тартып, «ешқандай сыну болмаған» деп қорғап шықты.

    Қазір бұл оқиға бойынша ресми органдардың түсініктемесі күтілуде. Ал ата-ана дені сау баланың мүгедек болып қалуынан қауіптеніп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →