Дәрігерлер тұмаудың қандай белгілерінде жедел көмекке жүгіну керектігін айтты
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің дәрігерлері тұмау кезінде қандай белгілерде дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін айтты.
Сурет: inbusiness.kz
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің дәрігерлері тұмау кезінде қандай белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін түсіндірді. Мамандар әсіресе тыныс алудың қиындауына, кеудедегі ауырсынуға және жоғары температураға назар аударуға кеңес береді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қарапайым тұмау көбінесе мұрынның бітелуімен немесе мұрыннан су ағуымен, жөтелмен, тамақтың ауыруымен, түшкірумен, шаршаумен, жалпы әлсіздікпен және дауыстың қарлығуымен қатар жүреді. Мамандардың айтуынша, белгілер әдетте аурудың үшінші–бесінші күнінде барынша айқын көрінеді.
Алайда кейбір белгілер дәрігерге қаралу қажеттігін білдіруі мүмкін. Медиктердің сөзінше, тұмау белгілері күшейсе немесе 10 күннен астам уақыт бойы басылмаса, терапевтке жүгіну керек.
Тыныс алудың қиындауы немесе кеудедегі ауырсыну пайда болған жағдайда да дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды. Сондай-ақ өте жоғары температура, қызу немесе қалтырау кезінде де медициналық көмек қажет.
Сонымен қатар мамандар жөтел үш аптадан астам уақытқа созылса, ал дене қызуы үш күн бойы төмендемесе, дәрігерге қаралуға кеңес береді.
