Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды •

    «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді

    «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді

    Фото: Қазақмыс

    Қазақмыс Жезқазған байыту фабрикасының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын кешенді жаңарту жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жезқазған байыту фабрикасының №1, №2 және №3 әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарын, сондай-ақ медициналық пунктін жөндеуге 218,6 млн теңгеден астам қаржы бағытталды. Жаңарту жұмысы жұмыскерлердің күнделікті пайдаланылатын нысандарын қамтиды. Атап айтқанда, жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын орындар, санитарлық-тұрмыстық аймақтар және әкімшілік-тұрмыстық корпустардағы басқа да бөлмелер заман талабына сәйкестендірілуде.

    Сонымен қатар ғимараттардың шатырлары мен қасбеттері жөнделіп, инженерлік коммуникация жаңартылуда. Жұмыстың негізгі бөлігі №1 және №2 әкімшілік-тұрмыстық корпустарда жүргізілуде. Мұнда жуынатын бөлмелер мен киім ауыстыратын орындар кешенді жөндеуден өтіп, санитарлық бөлмелер, баспалдақ алаңдары, шатыр мен ғимараттың қасбеті мен жертөлесі жаңартылуда. №3 әкімшілік-тұрмыстық корпуста санитарлық бөлмелер, дәліз және баспалдақ алаңы әдемі қалыпқа келтірілді. Жобаның жеке бағыты – Жезқазған байыту фабрикасының медициналық пунктін жаңарту.

    Ғимараттың ішкі бөлмелері, шатыры мен қасбеті жөнделіп, жылыту, кәріз және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылуда. Сондай-ақ жаңа сантехникалық жабдықтар орнатылуда. Жұмыс бекітілген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2026 жылы «Қазақмыстың» жаңа басқарушы командасы еңбек жағдайын жақсарту мен кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңартуды басым бағыттардың бірі ретінде белгіледі.

    Компания өндірістік нысандармен қатар жұмыскерлер күнделікті пайдаланатын әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды да қамтитын бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →