Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған? Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: қандай оқиғалар болжанған? Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында қайтыс болды Челси – Милан матчы: Сатпаев құрамға ілінбеді «Ең жақыным артымнан пышақ сұқты»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады «Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған емес»: Тойда уағыз айтқан ер адамның қызы Тоқаевтан көмек сұрады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысты

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІ Абдалланы Астанада қарсы алуды өзіне зор мәртебе санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    – Ұлы Мәртебелі, Өзіңіз бен жұбайыңыз патшайым Ранияны бүкіл әлем дана, аса білімдар және парасатты тұлғалар ретінде мойындайды. Бүгінгі заманда Сіз бен жұбайыңыз секілді көшбасшылар кемде-кем, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент Корольге Қазақстан мен Иордания арасындағы серіктестікті дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанына алғыс айтты. Сондай-ақ іскерлік орта өкілдеріне бизнес-форум жұмысына қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

    – Король ІІ Абдалланың ресми сапары аясында өтіп жатқан бұл форум біздің перспективті серіктестігіміздің жаңа кезеңіне жол ашады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясы екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудің маңызды институционалдық негізін қалайтыны сөзсіз. Бүгін Ұлы Мәртебелі Король Абдалламен мазмұнды келіссөз жүргіздік. Әңгімелесу барысында алдағы жылдары өзара тиімді ықпалдастықты нығайтуға шешім қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірдегі экономикасы ең ірі ел болып қала береді.

    – Экономикамыз биылғы жеті айда 6,3 пайызға ұлғайып, сенімді түрде өсіп келеді. Оған өнеркәсіп, сауда және көлік салаларындағы жоғары көрсеткіштер мүмкіндік берді. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізу арқылы осы қарқынды сақтап қалуға ниеттіміз. Сондықтан серіктестігіміз көптеген сектордың өркендеуіне септігін тигізетініне сенімдіміз, – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →