Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында күміс медаль алды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі •

    Шымкентте ХҚКО-ның бұрынғы басшысы тергеу изоляторында көз жұмды

    Шымкентте ХҚКО-ның бұрынғы басшысы тергеу изоляторында көз жұмды
    Фото: Жомарт Мурашимовтың жеке парақшасы

    Шымкентте №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы Жомарт Мурашимов қамауда отырған кезде қайтыс болды, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Бұл туралы оның адвокаты Талғат Есімов хабарлады.

    Жомарт Мурашимов жүргізуші куәлігін заңсыз беру схемасын ұйымдастырды деп айыпталған болатын.

    Адвокат 19 тамыз, сейсенбі күні Telegram-арнасында мәлімдеме жасады.

    «Бүгін менің қорғауымдағы Жомарт Мурашимов кома жағдайында изолятордан жеткізіліп, көз жұмды», – деді ол.

    Қорғаушының айтуынша, бұған дейін адвокаттар соттан Мурашимовқа қатысты бұлтартпау шарасын үй қамаққа немесе кепілге ауыстыруды сұраған. Өйткені оның денсаулығына ауыр дерттен қауіп төнген. Алайда сот қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Себебі СИЗО-ның медициналық бөлімшесі сотқа Мурашимовтың денсаулығы «бақылауда және қадағалауда» екенін мәлімдеген.

    Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 18 тамызда 37 жастағы айыпталушы жұбайымен кездесуден кейін өзін нашар сезінген.

    №69 мекеменің дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Мурашимов Шымкенттегі №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, «цереброваскулярлық бұзылыс» диагнозымен реанимацияға жатқызылған. Алайда ол 19 тамыз күні таңертең көз жұмды.

    – Жомарт жеке адамға қарсы қылмыс жасады деп айыпталмады, тек экономикалық сипаттағы қылмысқа күдіктелді. Біз сотқа денсаулығына қатысты қауіп барын дәлелдедік. Бірақ тергеу судьясы изолятордың медициналық бөлімінің басшысы берген «денсаулығы бақылауда» деген анықтамаға сүйеніп, өтінішімізді қабылдамады. Енді оның өліміне кім жауап береді? – деді адвокат.

    Осыған байланысты қорғаушы Бас прокуратураны қамаудағы айыпталушылардың денсаулық жағдайын бағалау тәртібіне назар аударуға және медициналық бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →