Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Қазақстанды тонаған – қазақтар!»: Саясаттанушы Асқат Асылбеков биліктегі былықтарды айтты (ВИДЕО)

    «Қазақстанды тонаған – қазақтар!»: Саясаттанушы Асқат Асылбеков биліктегі былықтарды айтты (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Мемлекеттің дамуына үлес қосу үшін билікке, таққа таласудың қажеті жоқ. Бұл туралы саясаттанушы, қоғам белсендісі, журналист Асхат Асылбеков «Qasqa jol» каналына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «30 жыл бойы Қазақстанды кім тонады? Қазақстанды тонаған – қазақтар! Ал мәдениетті адам өз халқын тонамайды. Ал біздің олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады. Енді бұлай жалғаса берсек, бірікпесек, 10 жылдың ішінде Қазақстан деген мемлекеттен айырылып қалуымыз мүмкін. Себебі біз егемендікті қадірлемейміз, өйткені, соғысқан жоқпыз.

    Сондықтан Үкімет коалициялық болуы керек. Осы ойды Тоқаев бірнеше рет айтты. Менің бір-ақ ғана арманым, мақсатым бар, ол – Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтап қалу. Өйткені қауіп көп, өмір өзгерді, ешқандай кепіл жоқ. Сол үшін біз ешқандай тіл, ұлтаралық мәселені көтермеуіміз керек. Біздің жауларымызға сылтау бермеу керекпіз. Бірігу керекпіз, нағыз интерноциональды көп халықты, этносты мейірімді халық болу керек. Сонда ғана көршілермен сауда жасап, тату-тәтті тұруға болады», — деді Асхат Асылбеков.

    Сондай-ақ, ол Перизат Қайрат кейсін алға тарта отырып, оны кімдер саяси ойыншыққа айналдырғанын айта өтті.

    «Біздің елімізде түбі саяси жүйе дұрыс емес. Мәселен Перизат Қайрат оқиғасын алайық. Менің ойымша, ол жалғыз өзі осыншама ақшаны жымқыра қойған жоқ. Оның айналасында кезінде Назарбаевпен бірге жүрген біршама азаматтар бар. Бірақ олардың аты нақты аталған жоқ. Менбұл жерде Перизат Қайратты ақтамаймын, әрине ол да жеді, өйткені халықтың ақшасына небір қымбат көлік пен қымбат дүниелердің артында біршама шындық жатыр. Бұл оның рухани жағынан бейшаралығын көрсетеді. Ол нақты не істеп жатқанын біліп тұрып, осындай әрекетке барды деп ойлаймын. Мен бұл жерде халыққа қарным ашиды, үнемі осылай қайырымдылыққа үлес қосқысы келіп, бірақ ілініп қала береді. Негізінен қарапайым халықтың жағдайын мемлекет жасауы керек. Қалай жасайды? Ол әрине, заң арқылы. Ал біздің заң жүйесі кімге қызмет етеді? Ол олигархтарға, капиталистік буржуазияға қызмет етеді», — деді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →