Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

    Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

    Фото:t.me/Burkit001

    Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    — UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, — делінген хабарламада.

    Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

    — Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — дейді ведомстводан.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →