Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қарағандыдағы жекеменшік клиникада науқас ота үстелінде көз жұмды

    Қарағандыдағы жекеменшік клиникада науқас ота үстелінде көз жұмды
    Фото: видеодан кадр

    Қарағандыда жекеменшік клиникада жоспарлы операция кезінде 35 жастағы Вячеслав Ермолов қаза тапты. Сот-медициналық сараптама оның өліміне интубацияның дұрыс жүргізілмеуі себеп болғанын анықтады.

    Оқиғаның мән-жайы

    2025 жылғы 6 қаңтарда Ермоловқа асқазанның резекциясы бойынша ота жасалуы тиіс еді. Оның салмағы 185 келі болған. Дәрігерлер мұндай операцияны жиі әрі сәтті жасайды. Бірақ науқастың жұбайы Кристина ота алдында қатты алаңдағанын айтады:

    «Мен жылап жібердім. Ол болса: “Соңғы рет көріп тұрғандайсың ғой” деді», – дейді марқұмның жұбайы.

    Сараптама қорытындысында интубация дұрыс жүргізілмегендіктен, науқас гипоксияға ұшырап, миы ісінгені және содан көз жұмғаны көрсетілген.

    Дәрігерлердің қателігі

    Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті операция кезінде медициналық стандарттардың өрескел бұзылғанын растады.
    Атап айтқанда:

    • Науқас толық тексеруден өтпеген;

    • Қажетті мамандардан кеңес алынбаған;

    • Анестезиолог-реаниматолог тарапынан қателік болған;

    • Хирург жалпы хирургия бойынша сертификатқа ие болғанымен, бариатриялық және метаболикалық хирургия бойынша сертификаты болмаған.

    Осыған байланысты клиника мен дәрігерлерге әкімшілік шаралар қолданылған. Хирургқа арнайы сертификат алмайынша мұндай оталарды жасауға тыйым салынған.

    Тергеу барысы

    Марқұмның туыстары кінәлілердің жазадан құтылып кетуінен қауіптеніп отыр. Қазірдің өзінде 8 ай бойы тергеу жалғасып келеді, бірақ іс сотқа жолданбаған.
    Марқұмның бауыры Никита Ермолов:

    «Біз барлық айыптылардың жазалануы үшін күресеміз. Бірақ іс әдейі созылып жатқандай көрінеді», – дейді.

    Полиция өкілдері қосымша сараптама тағайындалғанын, тіпті қажет болса эксгумация жасалатынын мәлімдеді.

    Отбасының жағдайы

    Вячеслав Ермолов артында кәмелетке толмаған үш баласы мен банктік несиелер қалдырған. Қазір бұл қарыздарды оның отбасы мүшелері бірігіп өтеуге мәжбүр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →