Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Қазақстанда жоқ өнім»: Гүлзира Айдарбекова өзінің энергиясы сіңген сусабын шығарды

    «Қазақстанда жоқ өнім»: Гүлзира Айдарбекова өзінің энергиясы сіңген сусабын шығарды

    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жеке өнімін шығарып, кәсіпке қадам басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Арт-менеджердің айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ерекше өнім.

    «Үйімізде бірнеше сусабын ғана тұрады. Бірі – қайызғаққа қарсы, екіншісі – жылтыр береді деп алғанбыз. Бірақ ешқайсысы көңілімнен шықпады. Жиын-той мен концерттерде көп жүргендіктен, шаш күтіміне ерекше мән беремін. Халық алдына шыққан соң, түрлі өнімдер тегін де келеді, алайда мен іздеген сапаны таппадым. Сол себепті өзім сусабын шығаруды қолға алдым. Мұндай өнімді Қазақстанда әлі ешкім жасаған жоқ. Бұл – еліміздегі №1 өнім», – деді продюсер.

    Ол сонымен қатар өнімнің бағасы мен сапасына тоқталып, тек шектеулі мөлшерде шығарылғанын айтты.

    «Бәріңіз білесіздер, бар қазақтың маңдайына жұлдыз болып біткен Қайраттай ұлды дүниеге әкелген анамын. Көп адам менің киген киімдерім мен заттарымды “жұғысты болсын” деп сұрайды. Бұл жолы сіздерге шынымен жұғысты болады. Бұл өнімде менің энергиям мен молшылықтың иісі бар. Бұл – 20 жылдық арманымның жемісі, Қайраттай ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ананың еңбегі. Бағасы мен сапасына алаңдамаңыздар, құндылығы өте жоғары», – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →