Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қытайда 8 мыңға жуық адам қауіпті вируспен ауырып жатыр

    Қытайда 8 мыңға жуық адам қауіпті вируспен ауырып жатыр

    Фото: Pixabay

    Қытайдың Гуандун провинциясында өткен айдан бері 7 мыңнан астам адам чикунгунья вирусына шалдықты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.

    Ауру тараған Фошань қаласында науқастар госпитальдерге бір аптаға жатқызылып, олардың төсегінің үстіне масадан қорғайтын тор құрылды. Айта кетсек, чикунгунья масалардан ғана тарайды. Оны жұқтырғандар безгекке ұшырап, буындары сырқырап, жаңа инфекцияның симптомдары жылдар бойы сақталуы мүмкін.

    Дәрігерлерінің сөзінше, пациенттердің бәрі бұл аурудың жеңіл формасына шалдықты. Олардың 95 пайызы жеті күнннің ішінде үйлеріне қайтарылуы ықтимал.

    Әзірге, вирустан емдейтін дәрі табылмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →