Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды •

    Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

    Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

    Фото: Агентства по атомной энергии

    Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында еліміздің алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысына старт беріліп, капсула салу рәсімі өтті.

    Агенттік төрағасы Алмасадам Сатқалиев жобаның Қазақстанға жаңа буын ядролық сала мамандарын даярлауға, ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға және технологиялық серпіліс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның сөзінше, АЭС – елдің атом өнеркәсібін, өңірлік инфрақұрылымды және индустриялық-инновациялық дамуды алға сүйрейтін стратегиялық жоба болмақ.

    Инвестиция көлемі: шамамен 14–15 млрд доллар, қосымша 1 млрд доллар әлеуметтік жобаларға бөлінеді.

    Сатқалиевтің айтуынша, жоба кең қоғамдық қолдауға ие – өткен жылғы референдумда қазақстандықтардың 70%-дан астамы, ал Үлкен ауылында дауыс бергендердің 90%-ға жуығы бастаманы қолдаған.

    Рәсімге қатысқан «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанның уран өндіруде әлемдік көшбасшы екенін және атом саласында бай тәжірибесі барын айтты. Ол бұл бағыттағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 1940-жылдардан бері жалғасып келе жатқанын еске салды.

    Іс-шара барысында алғашқы топырақ үлгілері алынып, зерттеу үшін Ресейге жіберілетіні хабарланды.

    Бұған дейін үкімет станцияны салу орны ретінде Жамбыл ауданын бекіткен. Құрылыс шамамен 7 жылға созылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, екінші АЭС-ті де параллель тұрғызу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →