Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты •

    «Апыма мына қуатымен еркек шақ келмейді-ау»: Өркен Кенжебек Джей Ло туралы (ВИДЕО)

    «Апыма мына қуатымен еркек шақ келмейді-ау»: Өркен Кенжебек Джей Ло туралы (ВИДЕО)

    Коллаж: sn.kz

    Танымал журналист, блогер Өркен Кенжебек Дженнифер Лопестің Астанада өткен жеке концерті туралы пікір білдірді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Блогер өзінің жастық шағын әлемдік жұлдыздың өнерімен байланыстырып, естеліктерін бөлісті.

    «Мойындауға ауыр, бірақ, менің, демек көбіңіздің жас шағыңыз Дженнифер әпкемнің буымен өтті-ау. “Жас Алашты” оқимыз. “Лопез бөксесін бір млн долларға сақтандырыпты” деген жаңалықты түсіне алмай дал болғанбыз. Қи шығаратын жер сонша қымбат па еді деп миымыздан бу шыққан. Тағы бір кәзит оқимыз. “Ойбай, Бен Аффлекпен неке шартын жасапты. Ол бойынша күйеуі оған $50 000-дан төмен сомаға сыйлық жасамау керек екен” деп жазады. Оны да мына ми әрең қабылдады ғой. Біз ол кезде пластмасса роза сыйласақ, оның өзі джентельмендік еді.

    Сол Дженни күнделіктің сыртында тұрды, Jenny from the block клипі Пентиум III компьютерімнің жадына сыйып жатты. Сөйткен Дженнифер Астанаға келеді, оған мен әйеліммен барамын деп кім ойлаған? «, — дейді ол.

    Сонымен қатар ол Джей Лоның испан тілінде айтқан әнін жоғары бағалап, тек сол әннің үзіндісінен видео жариялаған.

    «Концерт ойдағыдай өтті. 56 жастағы апымның энергетикасы әлі шарпып тұр. 25 мың адам разы болған шығар, негізгі хиттарын шырқады. Бастысы, испан тіліндегі композицияларын ұмытпағанына респект. Әсіресе, Que Hiciste әні — мен үшін фаворит әлі. Бейнемнің соңына қостым.

    Не дейін, поп музыка әлеміндегі аңыз таланты мен еңбекқорлығы арқылы талай жыл өзін дәлелдеп келе жатыр. Аттай жарап тұр. Бен Аффлек екінші рет тұрмысқа алып еді, екі жыл әрең шыдады-ау. Дженнифер апыма еркек шақ келмейді-ау мына қуатымен», деп жазды Өркен Кенжебек.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Orken KENZHEBEK (@orkeni)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →