Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты

    Қызметкерді қорлаған: ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі дөрекі пікірі үшін сотталып кетті

    Қызметкерді қорлаған: ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі дөрекі пікірі үшін сотталып кетті

    Фото: gov.kz

    Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Qazaq.today облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Сотталған азамат Шыңғырлау ауылында отырып Facebook әлеуметтік желісі арқылы қызметтегі лауазымды тұлғаны өлтіремін деп қорқытып, балағаттаған.

    Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушының пікірі қорлау сипатында екені және әдепсіз сөздерден тұратыны анықталды.

    «Пікірде жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін сөздер, сондай-ақ денсаулыққа қатер төндіру белгілері бар», — деп түсіндірді сот.

    Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды: асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, кінәсін шынайы мойындауын, ауырлататын факторлардың жоқтығын ескерді.

    Нәтижесінде оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Ол пробациялық бақылауда болады және бүкіл мерзім ішінде жыл сайын 100 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →