Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады •

    АҚШ агенті Трамптың сапарында әйелін қызметтік ұшаққа отырғызбақ болған

    АҚШ агенті Трамптың сапарында әйелін қызметтік ұшаққа отырғызбақ болған

    Фото: The White House

    АҚШ-тың Құпия қызмет агенті Дональд Трамптың Шотландияға сапары кезінде қызметтік ұшаққа өзінің әйелін отырғызбақ болған. Бұл іс бойынша қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

    Ақпаратқа сәйкес, агенттің әйелі президент ұшағы жиі ұшатын Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында, жоғары лауазымды тұлғаларға арналған күту залында отырған. Бұған дейін ол Құпия қызмет ұйымдастырған сапар алдындағы арнайы брифингке де қатысқаны белгілі болды.

    The Herald басылымының жазуынша, агент әйелін қызметкерлер мен құрал-жабдықтарды тасымалдайтын Құпия қызмет ұшағына отырғызуға тырысқан. Агенттің әйелі АҚШ Әуе күштерінің әскери қызметшісі екендігі туралы да ақпарат тарады. Алайда әуе кемесі ұшар алдында, әйелді бортқа кіргізбей қойған.

    25-29 шілде аралығында Ақ үй басшысының Шотландияға сапары болды. Сейсенбі күні Трамп осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    «Бір түрлі жағдай. Мұны аздап қауіпті деп есептемейсіздер ме? Бұл жайлы екі минут бұрын естідім. Менің ойымша, Құпия қызмет басшысы Шон Карран бұл мәселемен айналысатын болады», – деді Дональд Трамп.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →