Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Мәмбетәлиевтің орнына Кравец»: «Барыстың» жаңа бас бапкері Ресейден келеді

    «Мәмбетәлиевтің орнына Кравец»: «Барыстың» жаңа бас бапкері Ресейден келеді

    Фото: пресс-служба ХК «Куньлунь РС»

    Ресейлік маман Михаил Кравец «Барыс» хоккей клубының бас бапкері атанады. Маман келісімшартқа қол қою үшін Астанаға келеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Өткен маусымда 61 жастағы Кравец Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубын жаттықтырған болатын.

    Бейжің командасы ҚХЛ-ның Батыс конференциясындағы 68 ойында 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орынды иеленді.

    Айта кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ Кравецтің «Барысқа» келуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Алайда клубтың баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

    Ал елордалық ұжымның бұрынғы бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев қызметінен босатылды. Ал оның орнына Мәмбеталиевтің көмекшісі қызметін атқарған ресейлік маман Евгений Королевтің бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

    Еске салайық, Ғалым Мәмбеталиев 2023 жылдың қараша айында бас бапкер қызметіне қайта оралған болатын. Сол кезде «Барыс» легионерлерден бас тартып, құрамды түбегейлі өзгерткен еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →