Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті •

    Тас жолдағы трагедия: Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Toyota Alphard-тың кесірінен төрт адам қаза тапты

    Тас жолдағы трагедия: Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Toyota Alphard-тың кесірінен төрт адам қаза тапты

    Фото: Видеодан кадр

    Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам қайтыс болып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

    Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат таңғы сағат 09:40-та республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы тасжолының 451-шақырымында тіркелген.

    Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

    Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →