Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді •

    Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген

    Тараздық 147 ұстаз демалыс уақытында жұмысқа жегілген

    Фото: Pixabay

    Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.

    Прокурорлардың мәліметінше, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.

    Аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.

    Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

    Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар.

    Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →