Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Украина мен Ресей делегациялары Түркияда қайта бас қосады

    Украина мен Ресей делегациялары Түркияда қайта бас қосады

    Фото: Pixabay

    Украина мен Ресей делегацияларының келесі кездесуі 23 шілдеде Түркияда өтеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

    Зеленский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровтың сөзіне сілтеме жасады.

    «Бүгін мен Рустем Умеровпен тұтқындар алмасуға дайындық пен Түркияда Ресей тарапымен болатын тағы бір кездесу туралы сөйлестім. Умеров кездесудің сәрсенбі күнге жоспарланғанын айтты. Толық ақпарат ертең белгілі болады», – деді Зеленский кешкі бейнеүндеуінде.

    Бұған дейін ол Рустем Умеровтың осы аптада Ыстанбұлда жаңа келіссөз раундын өткізу туралы ұсыныс жасағанын айтты.

    Айта кету керек, бұған дейін Зеленский Ресейден 7 млрд доллар өндіріп алуға ниетті екенін жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →