Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Мұғалім жоқ: Ақтөбе мектептерінде 400-ге жуық педагог жетіспейді Мұнай экспорты: КТК шектеуіне байланысты Қазақстан баламалы бағыттарды қарастыруда Шығын 219 млн теңге: Шетелге демалмақ болған ақтөбеліктер туристік компанияға алданып қалды

    Семейде блогер жол ережесін қасақана бұзған

    Семейде блогер жол ережесін қасақана бұзған

    Фото: Абай облыстық ПД

    Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізушісі жол ережесін бірнеше рет бұзған. Ол өзінің осы іс-әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына да жариялаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аталған автокөлік алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз жүрген. Әрі оған пайдалануға тыйым салынған арнайы жарық құрылғылары да орнатылыпты.

    – Блогер бір апта ішінде бірнеше ауыр құқықбұзушылық жасады. Атап айтқанда, жылдамдықты белгіленген шектен асырып, төрт жолақты жолда қарсы қозғалыс жолағына шығып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен. Сондай-ақ, маневр жасау қағидаларын бұзып, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған және ұялы телефон қолданған, – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаменті.

    22 жастағы жүргізушіге қатысты барлық құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Бірқатар дерек бойынша іс сотқа жолданбақ. Ер адам көлік басқару құқығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →