Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады •

    Журналист тікелей эфир кезінде жоғалған оқушы қыздың мәйітін тапты

    Журналист тікелей эфир кезінде жоғалған оқушы қыздың мәйітін тапты

    Фото: видеодан скрин

    Бразилияда журналист 13 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалуына байланысты репортаж түсіруге барған. Түсірілім кезінде ол кенеттен қыз баланың мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Qazaq.today.

    The Sun басылымының хабарлауынша, Бразилияда журналист репортаж жасап жатқанда қыздың денесін тауып алған. 13 жастағы қыз маусым айында достарымен бірге өзенге барған кезде жоғалып кеткен. Түсірілім тобы дәл сол жерге барған.

    Журналист Ленилдо Фразао суға кірген кезде түбінде бірдеңені сезген. Ол:

    — Меніңше, судың түбінде бір нәрсе бар секілді. Жоқ, мен ары қарай бара алмаймын, қорқып тұрмын, – деді.

    Осыдан кейін оқиға орнына сүңгуірлер келіп, аумақты зерттеген. Нәтижесінде олар жоғалып кеткен мектеп оқушысының денесін тапқан.

    Негізі іздеу жұмыстары қыз жоғалған күні-ақ басталғанымен, өзен ағысының қатты болуы және терең шұңқырлардың көптігі жұмысты қиындатқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →