Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады •

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: батыста жаңбыр, солтүстікте қар, көктайғақ, тұман және бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі күтіледі.

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады

    Сурет: istockphoto

    7 қазанда Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауады, ал солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын соғуы мүмкін, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ қаупі бар. Кейбір жерлерде тұман түседі.

    Сонымен қатар түнде Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аймақтарында топырақ бетіндегі температура 1 градусқа дейін төмендейді.

    Жетісу облысының солтүстігінде және Жамбыл облысының таулы аймақтарында үсік -2°С-қа дейін жетеді.

    Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.

    Ал Қызылорда облысы, Ұлытау облысы, Ақтөбе және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →