Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында жүкті әйелдің күйеуін өлтіргені үшін ақталуы туыстарының наразылығын тудырды Елена Рыбакина тағы бір чемпионды жеңіп, финалға шықты Арқалық әуежайына ресми түрде AYK халықаралық коды берілді Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады? Алматы облысында жүкті әйелдің күйеуін өлтіргені үшін ақталуы туыстарының наразылығын тудырды Елена Рыбакина тағы бір чемпионды жеңіп, финалға шықты Арқалық әуежайына ресми түрде AYK халықаралық коды берілді Алматыда қойма өртке оранды «Оны қалай ақтап алды?»: Жүкті әйелдің қолынан қаза тапқан азаматтың туыстары істі қайта қарауды талап етуде Балл абсолютті емес: неге 120 ұпай грант әпермей, 100 ұпай жеткілікті болады?

    Алматыда 15 жастағы жасөспірім пойыздың төбесіне шығып, тоқ соқты

    Алматыда 15 жастағы жасөспірім пойыздың төбесіне шығып, тоқ соқты
    Фото: ҚТЖ

    Алматы-2 теміржол вокзалында пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді жоғары кернеулі ток ұрып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ҚТЖ ресми ақпаратына сәйкес, оқиға 19 шілде күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған. Кәмелетке толмаған бала пойыз вагонының үстіне өз еркімен шығып, жоғары кернеулі токқа түсіп қалған. Ол денесінің күйік жарақаттарымен шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

    Жедел жәрдем қызметі жедел жетіп, алғашқы көмек көрсеткен. Қазіргі таңда зардап шеккен баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

    «Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржол маңында жүрудің аса қауіпті екенін ескертеді. Өз бетімен пойыздарға шығу немесе жақындау — адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

    Аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу жұмыстары басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →