Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады

    Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

    Данияр Елеусіновтің АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

    Фото: sportilinet.kz

    Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 KO) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсірді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісі (оның сегізі нокаутпен). Ал Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.

    Айта кетейік, бұл Даниярдың АҚШ-тағы соңғы 4 жыл 8 айдағы алғашқы жекпе-жегі. Ол бұған дейін америкалық рингке 2020 жылдың қарашасында шығып, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 KO) нокаутпен жеңген болатын.

    Сондай-ақ Данияр Елеусінов өткен жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өткізіп, филиппиндік Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →