Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) •

    Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі қазір немен айналысып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)

    Сахнадан кеткен Төреғали Төреәлі қазір немен айналысып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)
    Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Сахнадан кеттім деген Төреғали Төреәлі жаңа тележоба ашты.

    «TORE SHOW — менің жаңа авторлық тележобам! Әр бейсенбі, ASTANA MUSIC HALL сахнасында. Жаңа қонақ. Жаңа тақырып. Жаңа ән», — деп жазды әртіс желідегі парақшасында.

    Айтуынша бұл кеште бәрі болады:

    • шынайы арнау,
    • терең сұхбат,
    • әсерлі әндер,
    • ерекше сюрприздер.

    Көрермендер саны — небәрі 150 адам. Ерекше атмосферада өтетін, тек қонақтарға арналған кеш.

    «Көзді ашып-жұмғанша алғашқы TORE SHOW өтті. Бұл — менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс. TORE SHOW — арманнан туған ақиқат», — дейді Төреғали.

    ⠀Алғашқы бағдарламада Нұрлан имам қонақта болған.

    «Бұл кеш — жай ғана шоу емес, бұл — сырласу, бұл — өнердің салтанаты. Әсем зал, көрерменнің ыстық ықыласы, әуен мен әңгіме өрілген сәттер — бәрі жүректе жатталып қалды. Біз енді әр бейсенбіде кездесеміз. Әр бейсенбі — жаңа оқиға, жаңа өнерпаз, жаңа арнау», — деп түйіндеді өнерпаз.

    Еске сала кетейік, кеше Төреғали Төреәлі аяқ астынан ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, сахнадан кететінін мәлімдеген болатын. Кейін бұрынғы продюсері Жан Мұқановпен қайта табысып, ресми келісімшартқа отырғаны туралы ақпарат шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →