Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады •

    «Арамыз 14 жас: Айгүл Қосанова отбасылы еркекке күйеуге шыққанын айтты (ВИДЕО)

    «Арамыз 14 жас: Айгүл Қосанова отбасылы еркекке күйеуге шыққанын айтты (ВИДЕО)

    Дәнші, домбырашы, профессор, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Қосанова «Мамский әңгіме» подкастында қонақта болып, балалық шағы, алғашқы ұстаздық қадамы, өнер жолы мен отбасылық өмірінің ең шынайы сәттері туралы сыр шертті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Сіз жаңа жолдасымның жасы менен үлкендеу деп айттыңыз. Жас айырмашылығы – 14 жас. Бұл құпия емес шығар. Оның үстіне, жолдасыңыздың осының алдында отбасы болған екен, екі баласы бар екен. Сіз 25-тесіз, ол кісі 39-да, бұрынғы отбасы бар. Осы нәрселер сізге қиын болмады ма?», – деп сұрады тележүргізуші.

    «Әрине, өзінің қиындығы болды. Бәрі керемет деп айтуға болмайды. Қазақтың «тең-теңімен, тезек қабымен» деген керемет сөзі бар ғой. Осы мәселені анам көп айтқан. «Есік көргенді емес, бесік көргенді ал» деген сөз бар. Бұл менің тағдырым шығар деп қабылдаймын. Қазір әріптестерім: «Бұрын оқып жүрген кезде, Айгүл, сен бізге қарамайтынсың. Саған жақындау мүмкін болмады», – дейтін. Олар өздері кішкене қорқақтық танытқан шығар. Осы тұрғыдан менің жолдасым пысықтау болды. Осы бағытта өзіне мақсат қйоып, жұмыс істеген шығар деп ойлаймын», – деп жауап берді Айгүл Қосанова. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →